HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 94

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 93
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне
бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқантек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық
құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL
немесе кабельдік модемнің жəне үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сəйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы мүмкін.
Егер олай болмаса, желіаралық қалқан
бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар электрондық
пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені уақытша шешу үшін, желіаралық қалқанды уақытша
өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта қосыңыз. Ақаулықты
толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік
бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін Бастау
экранында п əрпін теріңіз де, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Система и
безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления Windows (Windows жаңартулары)
тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту) бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security қолданбасын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP Client Security бағдарламасы компьютерде алдын ала орнатылған. Бұл бағдарламаны бастау
экранындағы HP Client Security арқылы, Windows жұмыс үстелінен хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы немесе Windows басқару панелі арқылы ашуға болады.
Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден
қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
84 9-тарау Қауіпсіздік KKWW
Page view 93
1 2 ... 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments