HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 107

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 106
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP
PC Hardware Diagnostics (UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің
жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша драйверлі USB қолдауы іске қосылған болса, USB портына жалғанған сыртқы
пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup утилитасында пайдалануға болады.
Computer Setup бастау үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында “Press the ESC
key for Startup Menu” (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабарламасы бейнеленгенде
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта қосыңыз жəне экранның төменгі жағында “Press the ESC
key for Startup Menu” (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабарламасы бейнеленгенде
esc пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы тақта,
меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
KKWW Computer Setup пайдалану 97
Page view 106
1 2 ... 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments