HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 51

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 50
5 Мультимедиа
Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін:
Кірістірілген үндеткіш(тер)
Кірістірілген микрофон(дар)
Кірістірілген веб-камера
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Аудио
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио
мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін
дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар
сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына (немесе дыбыс
шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Дыбыс
құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мына пернелер көмегімен реттеуге болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы
пернелер)
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу
үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау
көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
KKWW Аудио 41
Page view 50
1 2 ... 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments