HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 86

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 85
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге қолданылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей тұрғанда
немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы тақта,
меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер
Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің
Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында
қосылады.
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады.
Егер HP SpareKey бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup құралындағы BIOS əкімшісінің
құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы кіруіңізге болады.
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі құпия сөзінің
екеуін де ұмытып қалсаңыз, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск мүлдем жабылып қалады
жəне оларды қолдану ары қарай мүмкін
болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндігі
үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше мүмкіндігі үшін
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз:
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз
жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын веб-
тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін
сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз оқуыңызға
болады.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде əдетте қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшісінің құпия сөздерінің тізімі
берілген
жəне олардың функциялары сипатталған.
76 9-тарау Қауіпсіздік KKWW
Page view 85
1 2 ... 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments