HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 89

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 88
7. Жаңа құпия сөзіңізді қайта енгізу сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін қайта басыңыз.
8. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу)
пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер
компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей
пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзін
енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, əрекетті қайта орындау қажет.
Computer Setup құралының DriveLock құпия сөзін басқару
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып қалуын
болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін компьютерден
қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытып қалсаңыз,
қатты диск мүлдем жабылып қалады жəне оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock - қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған. DriveLock компьютердің ішкі
қатты дискі(лері)не қолдануға ғана жарамды. DriveLock дискіні қорғауға қолданылса, дискіге кіру үшін
құпия сөзді енгізу қажет болады. DriveLock құпия сөздері арқылы кіру үшін диск компьютерге немесе
жетілдірілген порт репликаторына енгізілуі қажет.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS əкімші құпия сөзі сізде болуы
тиіс.
DriveLock құлпын ішкі қатты дискіге қолдану үшін пайдаланушы құпия сөзін жəне негізгі құпия сөзін
Computer Setup құралында тағайындау қажет. DriveLock құлпын қолдану үшін, келесі нəрселерді ескеру
қажет:
Қатты диск DriveLock құралы арқылы қорғалған соң, қатты дискіге тек қана пайдаланушы құпия сөзі
немесе негізгі құпия сөз арқылы ғана кіру мүмкін болады.
Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған
қатты дискінің күделікті қолданушысы болады. Негізгі
құпия сөз иесі жүйе əкімшісі немесе күнделікті қолданушы болуы мүмкін.
Пайланушы құпия сөзі жəне негізгі құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
Пайдаланушы құпия сөзі мен негізгі құпия сөзді жою үшін, DriveLock құлпын қатты дискіден алу
қажет болады. DriveLock құлпын қатты дискіден алу үшін негізгі құпия сөзі ғана қажет
болады.
DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында “Press the ESC key for Startup Menu” (Бастау
мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
KKWW Құпия сөздерді пайдалану 79
Page view 88
1 2 ... 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments