HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 35

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 34
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін
қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан
қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support
Assistant белгішесін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс
шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзерді жылжытыңыз.
3. Настройки (Параметрлер) түймесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз.
4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты жазып, одан кейін Войти (Кіру) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, Windows жұмыс үстелінде желі күйінің
белгішесін оң жақ түймешікпен нұқып, Открыть центр управления сетями и общим доступом
(Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін таңдаңыз. Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пəрменін таңдаңыз. Желіні қолмен
іздеу жəне оған қосылу немесе жаңа желі байланысын
орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі
ашылады.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы
Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді кең
жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы байланыс
операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің
қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
Мобильді
желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі жолда
немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке қосылу,
электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
KKWW Сымсыз желіге қосылу 25
Page view 34
1 2 ... 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments