HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 110

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 109
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен
салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Егер жаңарту сіздегі BIOS нұсқасынан жаңа болса, қатты дискідегі BIOS жаңартуы жүктеп
алынатын орынға апаратын жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын
болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, əсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып
табылады.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту
файлы орналасқан қатты дискідегі қалтаны
тауып ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды
қатты дискіден жоюға болады.
MultiBoot желісін пайдалану
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі.
Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады.
Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс
картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді
бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer Setup
утилитасында іске қосу қажет.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын іздеу
ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu»
(Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз, одан
кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу құрылғыларды көрсететін мəзір
ашылады жəне жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік беріледі. Немесе MultiBoot Express құралын
100 12-
тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) KKWW
Page view 109
1 2 ... 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments