HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 32

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 31
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы
жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы
зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып
тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы
сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз
байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) пəрменін, одан кейін Центр управления
сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пəрменін таңдаңыз.
Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support
Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған
басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде
қолданылады.
Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі əдетте, көптеген
компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі функцияларын бөле
алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
Үйдегі немесе шағын кеңседегі WLAN жүйесі əдетте бірнеше сымсыз немесе сымды компьютерлерге
Интернет байланысы, принтерді жəне файлдарды аппараттық немесе бағдарламалық құралдардың
қосымша бөліктерін талап етпестен ортақ пайдалануға мүмкіндік
беретін сымсыз жол
жоспарлағышын пайдаланады.
Компьютерде WLAN құрылғысын қолдану үшін, WLAN инфрақұрылымына (қызмет провайдері немесе
қоғамдық не біріккен желі арқылы берілген) қосылу қажет.
Интернет провайдерін пайдалану
Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет.
Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
22 3-тарау Желіге қосылу KKWW
Page view 31
1 2 ... 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments