HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 39

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 38
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар
арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде)
пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы
тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы əрекет
пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін
қолданыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп, Настройки (Параметрлер) жəне Мышь (Тінтуір)
пəрмендерін таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны жəне қимылдарды пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға мүмкіндік
береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері
сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле бермейді.
KKWW Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 29
Page view 38
1 2 ... 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments