HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 118

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 117
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық
жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея
ұяшығында немесе қызмет көрсету есігінің астында орналасқан.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
Microsoft® аутентификация қуəлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы
үлгілерде) — Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе
ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.1 нұсқасы алдын ала
орнатылған HP платформаларында жапсырма жабыстырылмаған, бірақ оларға сандық өнім кілті
электрондық түрде орнатылған.
ЕСКЕРТПЕ: НР бекітілген қалпына келтіру əдістері арқылы Windows 8 немесе Windows 8.1
нұсқасын қайта орнату кезінде, бұл сандық өнім кілті Microsoft амалдық жүйесі арқылы автоматты
түрде танылады жəне белсендіріледі.
Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
Сымсыз құралдардың куəландыру жапсырмасы(лары) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы
ақпарат жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған кейбір елдер немесе аймақтардың
мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
108 13-тарау Қолдау KKWW
Page view 117
1 2 ... 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments