HP ZBook 17 G2 Mobile Workstation User Manual Page 109

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 132
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 108
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін сақтағанда
өзгертілмейді.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты
қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын
қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) жəне System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn+esc
пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы
көрсетуге болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
2. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (
Негізгі) > System Information (Жүйе
ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту
файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана
жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау
құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп
алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату барысында
мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Бастау экранында hp support assistant деп теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пəрменінен кейін Check for HP updates now (НР
жаңартулары бар екенін тексеру) пəрменін таңдаңыз.
KKWW Computer Setup пайдалану 99
Page view 108
1 2 ... 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 ... 131 132

Comments to this Manuals

No comments