HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 78

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 77
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, əсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында файл сөзін жазып, одан кейін Проводник (Жетектеуші)
тармағын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып
табылады.
3. Алдында жазып алған
қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды
қатты дискіден жоюға болады.
Жүктеу ретін F9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына əрекеттерді
орындаңыз:
1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мəзірін ашу үшін:
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мəзірін ашу үшін, компьютерді
қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта бастаңыз жəне НР логотипі экранға шыққанда
f9 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді
пайдалану кезінде:
Планшетті өшіріңіз. Бастау мəзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін
азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F9
пернесін басыңыз.
2. Жүктеу құрылғысын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді
пайдалану мақсатына сəйкес жергілікті заңдармен, ережелермен жəне саясаттармен сай келетінін
тексеріңіз жəне қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған
талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нəтижесінде кез келген сəйкестік
мəселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс. НР
компаниясы кез
келген байланысты міндеттемелер үшін жауапты болмайды.
TPM модулі компьютер үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. TPM параметрлерін Computer Setup
(BIOS) утилитасында өзгертуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: TPM параметрі Hidden (Көрінбейді) мəніне өзгертілсе, TPM модулі амалдық жүйеде
көрінбейді.
68 10-тарау Computer Setup (BIOS), TPM жəне HP Sure Start
Page view 77
1 2 ... 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments