HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 60

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 59
DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы үлгілерде)
Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы
MultiBay құралына емес).
DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді
орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзін енгізудің үш сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз жəне əрекетті
қайталаңыз.
DriveLock картасын өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде)
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп
жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін
басыңыз жəне Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Security (Қауіпсіздік) пəрменін, Hard Drive Utilities (Қатты диск
утилиталары) немесе Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін таңдаңыз,
одан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, BIOS əкімшісінің құпия сөзін енгізу жəне Set DriveLock
Password (DriveLock құпия сөзін орнату) пəрменін таңдау қажет болуы мүмкін.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Құпия сөзді өзгерту үшін қажет параметрді таңдаңыз, одан кейін құпия сөзді енгізу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Change DriveLock Master Password (DriveLock құралының басты құпия сөзін
өзгерту) опциясы DriveLock құралының құпия сөзін енгізу сұралғанда (3-қадамда) басты құпия сөз
енгізілген болса көрінеді.
7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup Automatic DriveLock мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютерді бірнеше пайдаланушы қолданған кезде, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға болады.
Автоматты DriveLock құпия сөзі орнатылғаннан кейін, кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock
басты құпия сөзі жасалады. Пайдаланушы құпия сөздің дұрыс деректерін енгізген кезде, бұл кездейсоқ
пайдаланушы мен DriveLock басты құпия сөзі дискінің бұғаттауын алу үшін пайдаланылатын болады.
ЕСКЕРТПЕ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS əкімші
құпия
сөзін тағайындап алу қажет.
50 7-тарау Қауіпсіздік
Page view 59
1 2 ... 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments