HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 77

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 76
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты
қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS
нұсқасын анықтаңыз.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) жəне System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn+esc
пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы
көрсетуге болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (65-бет) бөлімін қараңыз.
2. Main (Негізгі), одан кейін System Information (Жүйе туралы ақпарат) пəрмендерін таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу)
опциясын таңдаңыз жəне enter пернесін басыңыз.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру
үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (67-бет) бөлімін қараңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту
файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана
жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау
құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп
алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату барысында
мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
немесе
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Обновления (Жаңартулар) пəрменін басып, Проверить наличие обновлений и сообщений
(Жаңартуларды жəне хабарларды тексеру) пəрменін басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде
орнатылған BIOS нұсқасымен
салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды
орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол
бойынша файлды табасыз.
Computer Setup пайдалану 67
Page view 76
1 2 ... 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments