HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 42

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 41
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының
іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления
(Басқару тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау)
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу) параметрін
таңдаңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу
жəне оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA немесе Дисплей порттарына, əрі сыртқы хабтағы немесе
сыртқы қондырма станциясындағы VGA немесе Дисплей порттарына жалғап, бірнеше сымды дисплей
құрылғыларын компьютерге жалғау мүмкіндігін береді. Компьютерде орнатылған графикалық
контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен
орнатуға болады. Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру Құрылғылар басқарушысы
бөлімін қараңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы)
деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге
орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Дисплейлерді компьютерлерге AMD немесе Nvidia графикалық картасы (қосымша хабы
бар) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: AMD сызбалық реттегішімен жəне қосымша хабпен ең көп 6 сыртқы дисплей құрылғысын
қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Nvidia сызбалық реттегішімен жəне қосымша хабпен ең көп 4 дисплей құрылғысын
қосуға болады.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Қосылған дисплей құрылғыларының барлығын көру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп
теріп, Диспетчер устройств
(Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Қосылған дисплейлердің барлығын көрмесеңіз,
əр құрылғының концентратордағы тиісті портқа қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше дисплей құрылғысының нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі
компьютер экраны айнасын беретін Дублировать (Көшірмелеу) немесе компьютер экранын барлық
қосылған дисплейлерге жаятын Расширить (Кеңейту) опциясын қамтиды.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу жəне оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi)
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу жəне
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
32 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері
Page view 41
1 2 ... 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments