HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 57

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 56
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей
пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзін
енгізудің екі сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз жəне əрекетті қайталаңыз.
Computer Setup утилитасының DriveLock құралының құпия сөзін басқару (тек
таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып қалуын
болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін компьютерден
қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытып қалсаңыз,
қатты диск мүлдем жабылып қалады жəне оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock - қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған. DriveLock компьютердің ішкі
қатты дискі(лері)не қолдануға ғана жарамды. DriveLock дискіні қорғауға қолданылса, дискіге кіру үшін
құпия сөзді енгізу қажет болады. DriveLock құпия сөздері арқылы кіру үшін диск компьютерге немесе
жетілдірілген порт репликаторына енгізілуі қажет.
DriveLock құлпын ішкі қатты дискіге қолдану үшін пайдаланушы құпия сөзін жəне басты
құпия сөзін
Computer Setup құралында тағайындау қажет. DriveLock құлпын қолдану үшін, келесі нəрселерді ескеру
қажет:
Қатты диск DriveLock құралы арқылы қорғалған соң, қатты дискіге тек қана пайдаланушы құпия сөзі
немесе негізгі құпия сөз арқылы ғана кіру мүмкін болады.
Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күделікті қолданушысы болады. Негізгі
құпия сөз иесі жүйе əкімшісі немесе
күнделікті қолданушы болуы мүмкін.
Пайланушы құпия сөзі жəне негізгі құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
Пайдаланушы құпия сөзі мен басты құпия сөзді жою үшін, DriveLock құлпын қатты дискіден алу
қажет болады.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS
əкімші құпия сөзі орнатылған болуы тиіс.
Құпия сөздерді пайдалану 47
Page view 56
1 2 ... 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments