HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 38

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 37
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері
НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера
арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер
сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео жəне камера
мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты
Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютердің веб-камерасы (кірістірілген камера) бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға
болады.
Камераға кіру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін теріңіз жəне
қолданбалар тізімінен Камера опциясын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Музыка жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Сондай-ақ,
компьютерде (таңдаулы үлгілерде) музыкалық ықшам дискілерді ойнатуға немесе ықшам дискілер
ойнату үшін сыртқы оптикалық дискті тіркеуге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін, құлақаспаптарды
немесе үндеткіштерді қосыңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио шығыс
(құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Құлақаспаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
немесе
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК
(Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына қосуға болады.
28 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері
Page view 37
1 2 ... 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments