HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 41

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 40
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының
іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления
(Басқару тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау)
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу) параметрін
таңдаңыз.
Thunderbolt DisplayPort құрылғысын жалғау
Thunderbolt® DisplayPort порты ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі жоғары деректер
құрылғысына қосады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда бұл порт өнімділігі жоғары болып,
сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңызды Thunderbolt DisplayPort портына жалғамас бұрын, Thunderbolt
құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын орнатыңыз. Thunderbolt сымы жəне
Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows жүйесімен үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының
Windows үшін сертификатталған Thunderbolt құрылғысы екенін анықтау үшін,
https://thunderbolttechnology.net/products мекенжайы бойынша өтіңіз.
1. Thunderbolt дисплей порты кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt дисплей портына
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер
тіркесімін басыңыз.
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы
құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, дисплей күйі өзгереді.
Бейнені пайдалану 31
Page view 40
1 2 ... 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments