HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 42

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 41
Windows құралдарын пайдалану
Windows құралдары арқылы жүйені қалпына келтіру нүктелерін және жеке ақпаратыңыздың сақтық
көшірмелерін жасауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпарат және қадамдар жайлы білгіңіз келсе, Анықтама және Қолдау тармағын көріңіз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау
тармағын таңдаңыз
.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайға және тәжірибеңізге сай әдісті таңдаңыз:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық әдістер өнімдердің барлығында жұмыс істемеуі мүмкін.
Windows қосымша көшірмелерді қалпына келтіру, компьютерді жаңарту және компьютерді
түпнұсқалық күйіне келтірудің бірнеше опцияларын ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін
Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын қараңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау
тармағын таңдаңыз.
Алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мәселесін шешу қажет болса, жекелеген
қолданбаны немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager бағдарламасының
Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату опциясын (тек өнімдерді таңдау)
пайдаланыңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде қалпына келтіру деп теріп, HP Recovery
Manager бағдарламасын таңдаңыз да, Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта
орнату параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға
немесе HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP қалпына
келтіру менеджерін қолданып қалпына келтіру (34-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру
медиасын әлі жасақтамасаңыз, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
өнімдер) (32-бет) бөлімін қараңыз.
Таңдаулы өнімдерде, компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру
керек болса немесе қатты диск ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының зауыттық
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP қалпына келтіру
менеджерін қолданып қалпына келтіру (34-бет) бөлімінен қараңыз.
Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз
келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін
жою) опциясын ұсынады.
Қосымша ақпаратты HP қалпына келтіру бөлшегін алу (таңдаулы өнімдерде ғана) (36-бет)
бөлімінен қараңыз.
HP қалпына келтіру менеджерін қолданып қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламасы жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру
тасығышын пайдаланып немесе HP қалпына келтіру бөлімі (тең таңдаулы өнімдерде) арқылы
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтіру медиасын әлі
34 3-тарау Windows 10 жүйесінде жұмысқа кірісу
Page view 41
1 2 ... 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47

Comments to this Manuals

No comments