HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 40

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 39
Компьютерді сәтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру тасығышын жасау үшін HP Recovery
Manager пайдаланыңыз. Бұл қадамда компьютерде HP қалпына келтіру бөлімінің сақтық
көшірмесі жасалады. Оны қатты диск бүлінгенде немесе ауыстырылғанда түпнұсқа жұмыс
жүйесін қайта орнату үшін қолдануға болады. Қалпына келтіру медиасын жасау туралы
ақпаратты НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер) (32-бет)
бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиасы көмегімен қол жетімді қалпына келтіру
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу
қажет (35-бет) бөлімінен қараңыз.
Windows құралдарын жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін және жеке мәліметтердің
сақтық көшірмесін жасау үшін пайдаланыңыз.
Қосымша ақпаратты Windows құралдарын пайдалану (34-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер)
Мүмкін болса, Қалпына келтіру бөлімінің және Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Бастау
мәзірінен File Explorer белгішесін таңдаңыз.
Компьютеріңізде Windows және Қалпына келтіру бөлімін көрсетпесе, қолдау қызметінен
жүйеңізге арналған қалпына келтіру медиасын алмайды. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз.
Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support бөліміне
кіріп, мемлекетті немесе аймақты таңдаңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау
үшін Windows құралдарын пайдалануға болады, Windows құралдарын пайдалану (34-бет)
бөлімін қараңыз.
Компьютеріңіз Қалпына келтіру және Windows бөлімдерін көрсетпесе, компьютеріңізді сәтті
орнатқаннан кейін қалпына келтіру медиасын жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламалық
құралын пайдалануға болады. HP қалпына келтіру медиасын қатты диск бүлінгенде жүйені
қалпына келтіру қадамдарын орындау үшін қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру зауытта
орнатылған бастапқы операциялық жүйесін және бағдарламалық жасақтаманы қайта орнатады
және бағдарламалардың баптауларын теңшейді. HP қалпына келтіру медиасын жүйені
оңтайландыру үшін және қатты дискіні ауыстырғанда бастапқы кескінді қалпына келтіру үшін
көмек ретінде қолдануға болады.
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажет сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютеріңізде DVD дискілерге жазу құралы болуы
керек және тек жоғары сапалы бос DVD+R немесе DVD-R, DVD-R DL немесе DVD+R DL
дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілерін немесе BD-RE
(қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын дискілерді пайдаланбаңыз;
Олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді. Не болмаса, оның орнына
жоғары сапалы бос USB флэш картасын қолдануға болады.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру тасығышын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға
болады. Егер қосымша сыртқы драйв қолдансаңыз, оны тікелей компьютердің USB портына
жалғау керек; Драйвты USB құралы сияқты сыртқы құралдың USB портына жалғауға
32 3-тарау Windows 10 жүйесінде жұмысқа кірісу
Page view 39
1 2 ... 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47

Comments to this Manuals

No comments