HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
Қоңырау шалмас бұрын:
Жүйеге жақында қосылған бүкіл жабдықты алып тастаңыз.
Жақында орнатылған барлық бағдарламаларды жойыңыз.
Өнімнің идентификатор нөмірін, компьютер мен монитордың сериялық нөмірлерін және
мүмкін болса диагностикалау арқылы жасалған ақаулық идентификаторын жазып алыңыз.
Қоңырау соққанда компьютердің алдында болыңыз.
Мәселені шешкенде қызмет көрсету маманының жанында болыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сатылымдар мен кепілдік жаңартулары туралы мәліметтерді (HP күтім жинағы) жергілікті
уәкілетті қызмет көрсетушіден немесе дилерден алуға болады.
Windows 8.1 немесе Windows 8 жүйелерінде сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және
жөндеу
Компьютеріңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет
кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым
қадамдары арқылы компьютерді қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға
болады.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
Қалпына келтіретін медиа жасау және сақтық көшірмесін жасау
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Бұл тарау сақтық көшірме жасау, жүйені жөндеу және қалпына келтіру жолдарын
сипаттайды. Жабдықталған аспаптар туралы қосымша ақпаратты анықтама және қолдау бөлімінен
қараңыз. Бастау экранына с әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и пожддержка (анықтама және
қолдау) тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру медиасын жасау және сақтық көшірмесін жасау
Бұзылған жүйені жөндеу сақтық көшірме жасағанмен бірдей.
1. Компьютердің параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін, қалпына келтіру құралын жасаңыз. Бұл
қадамда компьютерде қалпына келтіру бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Оны қатты диск
бүлінгенде немесе ауыстырылғанда түпнұсқа жұмыс жүйесін қайта орнату үшін қолдануға
болады.
USB драйвын қолданып, компьютерді қосу мүмкін болмағанда қолданылатын қалпына келтіру
драйвын жасақтайсыз. USB драйвын амалдық жүйенің түпнұқсасын қайта орнату үшін және
зауытта орнатылған бағдарламаларды қайта орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: USB драйвы жадындағы ақпарат сақтық медиасы жасалғанға дейін жойылады.
Windows 8.1 нұсқасын қалпына келтіру медиасын жасау үшін, Бастау экранында
восстанавливающий диск (қалпына келтіру дискі) сөздерін теріңіз, содан кейін создать
восстанавливающий диск (қалпына келтіру дискін жасау) пәрменін таңдаңыз. Жалғастыру
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 8 қалпына келтіру тасымалдағыш құралын жасау үшін Бастау экранында
диспетчер восстановления (қалпына келтіруді реттеуші) сөзін теріп, HP Recovery Media
Creation (HP қалпына келтіру тасымалдағышын жасау) бөлімін басыңыз. Сұралса,
Мәселелер орын алса 21
Page view 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 46 47

Comments to this Manuals

No comments