HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
HP Support Assistant
HP Support Assistant – компьютердің өнімділігін сақтауға және автоматтандырылған жаңартулар мен
реттеу, ендірілген диагностика мен қадамдық анықтама көмегімен мәселелерді шешуге көмектесетін
HP бағдарламасы. HP Support Assistant бағдарламасы Windows 8 жүйесі бар барлық HP немесе Compaq
компьютерлерінде алдын ала орнатылған.
HP Support Assistant Windows 8 жүйесінде ашу үшін бастау экранындағы HP Support Assistant
белгішесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін пайдалану
HP қолдау көмекшісі проблеманы анықтай алмаса, барлық HP өнімдерінде бар UEFI негізіндегі
құралдарды диагностикалау шешімін пайдаланып көріңіз. Бұл құралды компьютер тіпті амалдық
жүйеге жүктелмесе де пайдалана аласыз. Сонымен қатар бұл құрал HP Support Assistant бөлімінде
диагностикаланбаған құрамдастармен жұмыс істейді.
HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін пайдалану себебі
HP PC Hardware Diagnostic (HP ДК құралын диагностикалау) құралдары құрылғы мәселелерін
диагностикалау процесін оңайлатады және мәселелер табылған кезде қолдау процесін
жылдамдатады. Бұл құралдар ауыстырылуы керек құрамдасты ғана көздей отырып, уақытты
үнемдейді.
Құралдың нақты ақаулықтарын жою: Диагностикалау процесі амалдық жүйеден тыс жұмыс
істейді, осылайша ол амалдық жүйе немесе басқа бағдарламалық құрамдастар себеп болған
мәселелерден туындаған ақаулықтарды тиімді түрде жояды.
Ақаулық идентификаторы: Құралды ауыстыруды қажет ететін ақаулық табылса, 24 сандық
ақаулық идентификаторы шығады. Сосын осы идентификаторды қолдауды немесе қосалқы
бөлшектер жеткізуді ұйымдастыратын қоңырау операторына беруге болады.
HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) мүмкіндігін іске қосу жолы
Диагностикалау мүмкіндігін компьютер параметрлеріне және саулығына қарай үш орынның бірінен
іске қоса аласыз.
1. Компьютерді іске қосып, Esc пернесін BIOS Boot Menu (BIOS іске қосу мәзірі) көрінгенше қайталап
баса беріңіз.
2. F2 пернесін не Diagnostics (F2) (Диагностикалау) опциясын басыңыз.
F2 пернесін басқан кезде жүйеге диагностиканы мына ретпен іздеу сигналы беріледі:
а. қосылған USB драйвері (диагностикалау құралдарын USB драйверіне немесе оптикалық
дискке қотару үшін, USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын
диагностикалау) мүмкіндігін қотару (18-бет) ішіндегі нұсқауларды көріңіз)
ә. Қатты диск
б. BIOS жүйесіндегі тек USB немесе қатты дисктің нұсқалары табылмаған жағдайда ғана қол
жетімді негізгі диагностикалық жиынтық (жад және қатты дискке арналған)
USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) мүмкіндігін қотару
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі жолы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты беті – Соңғы UEFI нұсқасына қатынасты береді
18 2-тарау Windows 8 жүйесінде жұмысқа кірісу
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 ... 46 47

Comments to this Manuals

No comments