HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 11

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 10
Көріп тексеру: Жүктелмейді, іске қосылмайды, бейне көрсетілмейді
ЕСКЕРТУ: Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезінде, жүйелік тақтаға тұрақты берілетін кернеу
әрқашан пайда болады. Жүйелік тақтаны немесе құрамдас бөлшекті зақымдау қаупін азайту үшін,
компьютерді ашу алдында қуат сымын әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
Егер компьютер, монитор немесе бағдарлама жұмысында мәселелер пайда болса, одан арғы
әрекеттерді орындау алдында жалпы ұсыныстар тізімін қараңыз:
Компьютер мен монитор розеткаға жалғанғанын тексеріңіз.
Кернеуді айырып-қосқыш (кейбір модельдерде бар) аймағыңыз үшін тиісті күйге орнатылғанын
тексеріңіз
(115 В немесе 230 В).
Компьютер қосулы (қуат шамы жанып тұрғанын) тексеріңіз.
Монитор қосулы екенін (монитор шамы жанып тұрғанын) тексеріңіз.
Монитор күңгірт болса, монитордың жарықтық пен контрасты басқару элементтерін қосыңыз.
Жүйе іске қосылмаса, кез келген пернені басып тұрыңыз. Егер жүйе дыбыстық сигнал берсе,
пернетақтаның дұрыс жұмыс істеп тұрғаны.
Барлық кабель қосылымдарында қосылым дұрыстығын немесе сенімділігін тексеріңіз.
Пернетақтадағы кез келген пернені немесе қуат түймесін басу арқылы компьютерді күту
режимінен шығарыңыз. Егер жүйе Ұйқы күйінде қалса, қуат түймесін кемінде төрт секунд басып
тұрып, компьютерді өшіріңіз. Содан кейін, компьютерді іске қосу үшін қуат түймесін қайта
басыңыз. Егер жүйе өшпесе, қуат сымын ажыратып, бірнеше секунд күтіп, оны қайта қосыңыз.
Егер компьютерді реттеу бағдарламасында автоматты түрде іске қосу орнатылған болса,
компьютер қайта іске қосылады. Компьютер қайта іске қосылмаса, қуат пернесін басыңыз.
Рlug and play емес кеңейту тақтасын немесе басқа компонентті орнатқаннан кейін компьютерді
қайта теңшеңіз.
Барлық қажетті құрылғы драйверлеріне орнатылғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, принтерді
пайдалансаңыз, сізге осы принтер моделінің драйвері қажет.
Қосу алдында жүйеден барлық іске қосу ақпарат тасушыларын (дискета, ықшам диск немесе USB
құрылғысы) алыңыз.
Егер өндіруші орнатқаннан басқа амалдық жүйені орнатсаңыз, компьютеріңіз осы жүйеге қолдау
көрсете ме, соны тексеріңіз.
Егер жүйеде бірнеше бейне көздері (ендірілген, PCI немесе PCI-Express адаптерлері) орнатылса
(ендірілген бейне көздері кейбір модельдерде ғана қол жетімді) және бір монитор пайдаланылса,
мониторды көздегі монитор коннекторына негізгі кіріс көзі ретінде қосу керек. Жүктеу кезінде
басқа бейне порттары өшіріледі; монитор осы порттардың біріне жалғанған болса, монитор
жұмыс істемейді. Әдепкі кіріс көзі ретінде пайдаланылатын көзді «Настройки компьютера» ішінен
таңдауға болады.
Жыпылықтау немесе дыбыс сигналы кодтары: POST тексеру кезіндегі алдыңғы тақта
индикаторларының және дыбыстық сигналдардың мағыналары
Егер компьютердің индикаторлар жыпықтаса немесе дыбыстық сигналдар естілсе, мағынасын және
ұсынылған әрекетті білу үшін Maintenance and Service Guide (тек ағылшын тілінде бар) құжатын
қараңыз.
Мәселелер орын алса 3
Page view 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 46 47

Comments to this Manuals

No comments