HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 35

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 34
Windows жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, дисплей параметрлерін өзгерту үшін
Жекелеу немесе Экран ажыратымдылығы түймесін басыңыз.
– немесе –
Іске қосу белгішесін, Парамертрлер белгішесін, содан кейін Жекелеу белгішесін басыңыз.
Компьютерді өшіру
Компьютерді дұрыс өшіру үшін алдымен амалдық жүйенің жұмысын аяқтаңыз.
Іске қосу белгішесін, Қуат белгішесін басыңыз, содан кейін Өшіру опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасынан параметрлер сөзін теріп, Параметрлер опциясын таңдаңыз, өшіру
сөзін теріп, Компьютерді өшіру түймесін басыңыз.
Мәселелер орын алса
Ықтимал мәселелерді анықтаудың және шешудің бірнеше тәсілі бар. HP компаниясы өз меншігіндегі
бірнеше диагностикалау құралдарын береді, бірақ ең негізгі себепті кешенді түрде қарастыруға
арналған кезекті ақаулықты жою әрекетін орындауды ұсынады.
Көріп тексеру
Жыпылықтау немесе дыбыс сигналы кодтары
HP Support Assistant ақаулықтарды жою құралы
HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау)
HP қолдау
Жүйені қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтіру
Негізгі ақаулықтарды жою әрекетін орындау
Ақау шешілмейінше осы бөлімдегі процедураларды көрсетілген тәртіпте орындаңыз. Ақаулықтарды
жою бойынша қосымша мәліметтерді Maintenance and Service Guide (тек ағылшын тілінде бар)
құжатынан алуға болады. Ол http://www.hp.com/support мекенжайындағы қолжетімді. Find your
product (Өнімді табу) бөлімін таңдап, компьютердің модель нөмірін енгізіңіз және содан кейін Search
(Іздеу) түймесін басыңыз.
Көріп тексеру: Жүктелмейді, іске қосылмайды, бейне көрсетілмейді
ЕСКЕРТУ: Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезінде, жүйелік тақтаға тұрақты берілетін кернеу
әрқашан пайда болады. Жүйелік тақтаны немесе құрамдас бөлшекті зақымдау қаупін азайту үшін,
компьютерді ашу алдында қуат сымын әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
Егер компьютер, монитор немесе бағдарлама жұмысында мәселелер пайда болса, одан арғы
әрекеттерді орындау алдында жалпы ұсыныстар тізімін қараңыз:
Компьютер мен монитор розеткаға жалғанғанын тексеріңіз.
Кернеуді айырып-қосқыш (кейбір модельдерде бар) аймағыңыз үшін тиісті күйге орнатылғанын
тексеріңіз (115 В немесе 230 В).
Компьютерді өшіру 27
Page view 34
1 2 ... 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 ... 46 47

Comments to this Manuals

No comments