Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық
жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған,
батарея орнында немесе қызмет көрсету үшін ашылатын есіктің астында орналасқан.
●
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін
. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
●
Microsoft® аутентификация қуәлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы
үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе
ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.1 нұсқасы алдын ала
орнатылған HP платформаларында жапсырма жабыстырылмаған, бірақ оларға сандық өнім кілті
электрондық түрде орнатылған.
ЕСКЕРТПЕ: НР бекітілген қалпына келтіру әдістері арқылы Windows 8 немесе Windows 8.1
нұсқасын қайта орнату кезінде, бұл сандық өнім кілті Microsoft амалдық жүйесі арқылы
автоматты түрде танылады және белсендіріледі.
●
Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
●
Сымсыз құралдардың куәландыру жапсырмасы(лары) – қосымша сымсыз құрылғылар туралы
ақпарат және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған кейбір елдер немесе аймақтардың
мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
Жапсырмалар 89
Comments to this Manuals