HP ZBook 15u G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) User Manual Page 75

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 110
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 74
DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу
үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. BIOS Administrator (BIOS әкімшісі) параметрін таңдаңыз және BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізіңіз.
4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive
Tools
(Қатты диск құралдары) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter түймесін
басыңыз.
5. Set DriveLock Password (global) (DriveLock құпия сөзін орнату (жаһандық)) пәрменін таңдаңыз.
6. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен қорғалатын қатты дискіні
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИӘ) жауабын таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді теріңіз, одан кейін enter пернесін бір рет басыңыз және
растау үшін басты құпия сөзді қайта теріңіз.
9. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз және
растау үшін пайдаланушы құпия сөзін қайта теріңіз.
10. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock деп
теріп
, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін растағанда, әріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
11. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay
құрылғысына емес).
DriveLock әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған
бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзді енгізу әрекеті 2 рет қатар сәтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру
керек.
Құпия сөздерді пайдалану 65
Page view 74
1 2 ... 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 ... 109 110

Comments to this Manuals

No comments