Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер
Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің
Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
●
BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында қосылады.
●
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
●
Егер HP SpareKey параметрлері бұрын орнатылған болса және Computer Setup бағдарламасында
орнатылған BIOS әкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, утилитаға кіру үшін HP SpareKey
құралын пайдаланыңыз.
●
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз және DriveLock басты құпия сөзі Computer Setup
қызметінде орнатылған болса, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып, қолданысқа
жарамай қалады.
Computer Setup және Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға болады.
Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
●
Бірнеше бағдарламалар немесе веб-тораптар үшін бір құпия сөзді пайдаланбаңыз және кез
келген басқа бағдарлама немесе веб-торап үшін Windows құпия сөзін қайта пайдаланбаңыз.
●
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын веб-
тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен құпия
сөздерін сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер оларды болашақта ұмытып қалсаңыз, оларды
қауіпсіз түрде оқи аласыз.
●
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows және BIOS әкімшілік құпия сөздерінің тізімі және
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі* Windows әкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows әкімшісінің құпия сөзін орнату арқылы
BIOS әкімшінің құпия сөзі орнатылмайды.
Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын
рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Windows әкімшісінің құпия сөзі немесе Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпарат алу
мақсатымен Анықтама және қолдау қызметіне қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және
қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 61
Comments to this Manuals