ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні таңдаңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск
болып табылады.
3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды
қатты дискіден жоюға болады.
Жүктеу ретін F9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін:
●
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін, компьютерді
қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және НР логотипі экранға
шыққанда f9 пернесін басыңыз.
●
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін
азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F9
пернесін басыңыз.
2. Жүктеу құрылғысын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді
пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін
тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған
талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік
мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс. НР компаниясы
кез келген байланысты міндеттемелер үшін жауапты болмайды.
TPM модулі компьютер үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. TPM параметрлерін Computer
Setup (BIOS) утилитасында өзгертуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: TPM параметрі Hidden (Көрінбейді) мәніне өзгертілсе, TPM модулі амалдық жүйеде
көрінбейді.
84 12-тарау Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
Comments to this Manuals