HP ZBook 15u G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) User Manual Page 104

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 110
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 103
параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Предпочтенияаңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз.
Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін. Кескінді
компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. Модельдердің басым бөлігінде
монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей компьютерге қосылған кезде кескін компьютер
экранына, сыртқы дисплейге немесе құрылғылардың екеуіне бір мезгілде берілуі мүмкін. fn+f4
пернесі қайталап басылғанда, бейне компьютер дисплейі, бір немесе бірнеше сыртқы дисплейлер
арасында ауысып, барлық құрылғыларда бірден көрсетіледі.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
Егер бағдарламалық құрал жауап қайтармай тұрса немесе дұрыс жауап бермесе, компьютерді өшіріп
қайта қосыңыз: Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работыұмысты аяқтау) түймешігіне
жақын орналасқан көрсеткіні нұқыңыз, одан кейін Перезапустить (Қайта қосу) белгішесін басыңыз.
Егер осы іс реті арқылы компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса, Компьютер қосулы, бірақ жауап
бермейді (94-бет) атты келесі бөлімді қараңыз.
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пәрмендеріне жауап
бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер әдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып табылады.
Егер әдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы мүмкін.
Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.
Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету
жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін
бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша
принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын
бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар, жұмыс кезінде айнымалы ток адаптерінің теріге немесе
жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке тимеуін қадағалаңыз. Компьютер және айнымалы ток
адаптері Ақпараттық технология жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы
белгіленетін пайдаланушыға рұқсат етілген бет температурасына сай келеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату және қызып кетудің
алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі
қалыпты жағдай болып табылады.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз.
94 ә қосымшасы Ақаулықтарды жою
Page view 103
1 ... 103 104 105 106 107 108 109 110

Comments to this Manuals

No comments