HP ZBook 15u G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) User Manual Page 31

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 110
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 30
орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
пәрмендерін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс
шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін
басыңыз.
3. Қосылатын сымсыз жергілікті желіні таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылатын сымсыз жергілікті желі көрсетілмесе, Открыть центр управления
сетями и общим доступомелілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін
таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
түймешігін басыңыз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын
орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылуды аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты компьютер мобильді кең жолақты қызметке арналған бекітілген қолдауға
ие. Мобильді оператор желісімен пайдаланылғанда жаңа компьютерді Wi-Fi жылдам қосылу
нүктелерінсіз интернетке қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге
еркін қосылу мүмкіндігін береді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Mobile Connect құралын қамтитын болса, бұл нұсқаулар қолданылмайды.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) (23-бет) бөлімін қараңыз.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі батарея ұясының ішіндегі,
қызмет көрсету үшін ашатын алынбалы есіктің астындағы немесе дисплейдің артындағы белгіде
басылады.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала
Сымсыз желіге қосылу 21
Page view 30
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 ... 109 110

Comments to this Manuals

No comments