HP ZBook 15u G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) User Manual Page 70

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 110
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 69
9 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows
жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі
қауіптерден қорғауы мүмкін
.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін жасап
алып, өшіріңіз және барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке негізделетін
қадағалау және қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады. Егер компьютер
ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace құралы компьютердің
ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін, бағдарламалық құралды сатып алып,
қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық құралына тапсырыс беру туралы ақпаратты
алу үшін, http://www.absolute.com/en/landing/partners/13/hp мекенжайы бойынша веб-торапқа өтіңіз.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP Client Security бағдарламалық құралы құпия сөз, смарт
карта, контактісіз карта, тіркелген бет суреттері, тіркелген
саусақ ізі, Bluetooth немесе PIN құралдарымен бірге
қолданылғанда.
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup қызметіндегі BIOS әкімшісінің құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралында қолданылатын DriveLock құпия
сөзі немесе автоматты DriveLock құпия сөзі*
Қосымша сыртқы оптикалық дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде), қосымша сыртқы қатты дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе ішкі желілік адаптерден рұқсатсыз бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
HP Drive Encryption бағдарламалық құралы
Windows қорғаушысы
Computer Setup параметрлеріне және жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS әкімшісінің құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге пайдаланылады)
*Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына
негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау және таңдау үшін, көрсеткі
құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
60 9-тарау Қауіпсіздік
Page view 69
1 2 ... 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 ... 109 110

Comments to this Manuals

No comments