HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 30

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 119
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 29
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып
алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі
Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады)
Сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Төменде берілген суретте интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға
келтірілген.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе
Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу
Сымсыз жол жоспарлағыштың параметрлерін орнату бойынша көмек алу үшін, жол
жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері берген ақпаратты қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жаңа сымсыз компьютеріңізді жол жоспарлағышына онымен қамтамасыз етілген
желілік кабель арқылы бастапқыда қосу ұсынылады. Компьютер Интернетке сəтті қосылғаннан
кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN жүйесін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе
кофеханалар жəне əуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз
етпейді. Байланыс орнында
компьютердің қауіпсіздігі туралы сенімді болмасаңыз, құпия емес
электрондық пошта хабарын жіберу жəне негізгі Интернетте іздеу сияқты желі əрекеттерімен
шектеліңіз.
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары
қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау
үшін, келесі сақтық
шараларын қолданыңыз:
Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз.
Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді
жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді
. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп
пайдаланады.
Сымсыз шифрлауды қолданыңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама
20
3-тарау Желіге қосылу
Page view 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 ... 118 119

Comments to this Manuals

No comments