HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 111

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 119
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 110
Компьютер ұйқылық күйде болуы мүмкін. Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып
қалыңыз. Ұйқылық күй дисплейді өшіріп қоятын қуатты үнемдеу мүмкіндігі болып
табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған
жағдайда немесе
компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы
жəне басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор
(Батарея) белгішесін тінтуірдің оң
жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы
параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін.
Кескінді компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. Модельдердің
басым бөлігінде монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей компьютерге қ
осылған кезде
кескін компьютер экранына, сыртқы дисплейге немесе құрылғылардың екеуіне бір
мезгілде берілуі мүмкін. fn+f4 пернесі қайталап басылғанда, бейне компьютер дисплейі,
бір немесе бірнеше сыртқы дисплейлер арасында ауысып, барлық құрылғыларда бірден
көрсетіледі.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
Егер бағдарламалық құрал жауап қайтармай тұрса немесе дұрыс жауап бермесе, компьютерді
өшіріп қайта қосыңыз: Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау)
түймешігіне жақын орналасқан көрсеткіні нұқыңыз, одан кейін Перезапустить (Қайта қосу)
белгішесін
басыңыз. Егер осы іс реті арқылы компьютерді қайта бастау мүмкін болмаса,
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді (101-бет) атты келесі бөлімді қараңыз.
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап
бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған
төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып
табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы
мүмкін.
Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып
алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық
тұрғандығын
тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып
кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа
желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз.
Қасында тұрған қосымша принтер сияқты
қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата
сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар, жұмыс кезінде
айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке
тимеуін қадағалаңыз. Компьютер жəне айнымалы
ток адаптері Ақпараттық технология жабдығы
қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат
етілген бет температурасына сай келеді.
Мəселелерді шешу
101
Page view 110

Comments to this Manuals

No comments