HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 53

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 119
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 52
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс
күтім мен сақтау
туралы ақпарат
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Обучение (Үйрену) >
Часто задаваемые вопросы в схемах управления
питанием (Қуат жоспарлары: жиі
қойылатын сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама жəне қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат
беріледі.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы
қуат көзіне жалғануы тиіс.
2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Устранение неполадок
(Ақаулықтарды жою) > Неполадки питания, температурные и механические неполадки
(Қуат, жылу жəне механикалық ақаулықтар) тармағын таңдаңыз.
3. Питание (Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін Проверка
батареи (Батареяны тексеру)
тармағын таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді
жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң
жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
Экранның жары
қтығын төмендетіңіз.
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста
болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение питания (Қуат
үнемдегіші) параметрін та
ңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
43
Page view 52
1 2 ... 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 ... 118 119

Comments to this Manuals

No comments