HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 35

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 119
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 34
4
Пернетақта, сенсорлы тақтаның
қимылдары жəне меңзегіш
құрылғылар арқылы шарлау
Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар
компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде)
орындалады.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға
арналған арнайы
əрекет пернелері немесе төте пернелер болады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры
(Құрылғылар мен принтерлер) тармақтарын
таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны жəне қимылдарды пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына қолданбалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
25
Page view 34
1 2 ... 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 ... 118 119

Comments to this Manuals

No comments