HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 75

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 119
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 74
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен
басқа ж
үйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында
орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында қосылады.
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Егер HP SpareKey
параметрлері бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup
бағдарламасында орнатылған BIOS əкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, утилитаға
кіру үшін HP SpareKey құралын пайдаланыңыз.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз жəне DriveLock басты құпия сөзі Computer
Setup қызметінде орнатылған болса
, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне
сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
Бірнеше бағдарламалар немесе веб-тораптар үшін бір құпия сөзді пайдаланбаңыз жəне кез
келген басқа бағдарлама немесе веб-торап үшін Windows құ
пия сөзін қайта
пайдаланбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын
веб-тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер оларды болашақта ұмытып
қалсаңыз, оларды қауіпсіз түрде
оқи аласыз.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі
жəне олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны
қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows əкімшісінің құпия сөзін орнату
арқылы BIOS əкімшінің құпия сөзі орнатылмайды.
Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк
жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Windows ə
кімшісінің құпия сөзі немесе Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпарат алу
мақсатымен Анықтама жəне қолдау қызметіне қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
65
Page view 74
1 2 ... 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 ... 118 119

Comments to this Manuals

No comments