HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 94

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 119
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 93
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу медиасын (тек
таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасын
сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша
ақпарат алу үшін
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы (85-бет) бөлімін қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану арқылы мына əрекеттерді орындауға болады:
Жеке файлдарды қалпына келтіру;
Компьютерді алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару;
Қалпына келтіру құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру жəне бастапқы қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы толық
нұсқауларды Анықтама жəне қолдау қызметіндегі тиісті бөлімдерде іздеңіз. Анықтама жəне
қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау
)
тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске
қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден
рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Анықтама жəне
қолдау бөлімін қараңыз. Анықтама
жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) тармағын таңдаңыз.
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру)
тармақтарын таңдаңыз.
2
. Экрандағы нұсқауларды орындап жүйе параметрлерін, компьютеріңізді (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіріңіз.
Жүктеу кезінде қалпына келтіру құралының көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал
біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру
сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, ба
ғдарламалық құралдарды
жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Windows жүйесі бөлімінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер пəрменін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Windows бөлімі тізімде көрсетілмесе, амалдық жүйені жəне
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі мен Драйверді қалпына
келтіру дискісі арқылы қалпына келтіру керек. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 7
амалдық жүйесінің DVD медиасы (85-бет) бөлімін қараңыз.
3. Windows бөлімі тізімде көрсетілсе, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows
амалдық жүйесі жүктелгенше f8 пернесін басыңыз.
84
11-тарау Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Page view 93
1 2 ... 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 ... 118 119

Comments to this Manuals

No comments