HP ZBook 15 G2 Base Model Mobile Workstation User Manual Page 58

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 119
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 57
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге
қатысты қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы
ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық
режимдермен жабдықталған.
Ауыспалы графикалық режимдерAMD™ жəне Intel арқылы қолданылады. Егер
компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда
тек ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады.
Қосарлы графикалық режимдертек AMD арқылы
қолданылады. Егер компьютеріңізде
AMD Radeon қосарлы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек қосарлы
графикалық режимдер ғана қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосарлы графикалық режимдер DirectX 10-шы немесе 11-ші нұсқасы
қолданылатын толық экранды құрылғыларда ғана іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық
режимдердің қайсысын қолданатындығын анықтау үшін, ноутбугіңіздің графикалық
процессорының конфигурациясын қараңыз. Intel HR орталық процессорлары жəне AMD Trinity
сериялы өнімділігі жылдамдатылған процессорлары ауыспалы графикалық режимдерді
қолдайды. AMD Trinity сериялы A6, A8 жəне A10 өнімділігі жылдамдатылған процессорлары
қосарлы
графикалық режимдерді қолдайды. AMD Trinity сериялы A4 өнімділігі
жылдамдатылған процессорлары қосарлы графикалық режимдерге қолдау көрсетпейді.
Ауыспалы графикалық режимдер мен қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы
өңдейтін екі режимді ұсынады:
Жұмыс режимібұл режимде бағдарламалар оңтайлы өнімділікпен жұмыс атқарады.
Қуат үнемдеу режимібұл режим батареяның қызмет ету мерзімін сақтайды.
48
6-тарау Қуатты
басқару
Page view 57
1 2 ... 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 ... 118 119

Comments to this Manuals

No comments