HP Smart Tank Wireless 457 User Manual Page 85

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 84
Wi-Fi Direct қолдайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Google Android құрылғылары үшін мобильді құрылғыңызда HP басып шығару қызметінің қосылатын
модулінің соңғы нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз. Бұл қосылатын модульді Google Play
бағдарламалар дүкенінен жүктеп алуға болады.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да
, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Қолжетімді принтерлер тізімінен көрсетілген Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз, мысалы DIRECT-**-HP
Smart Tank Wireless (бұл жерде ** принтерді анықтайтын бірегей таңбалар).
Принтерге арналған Wi-Fi Direct байланысының қауіпсіздігі Автоматты (әдепкі параметр)
болса, мобильді құрылғы принтерге автоматты түрде қосылып, басып шығару жұмысын
жібереді.
Принтерге арналған Wi-Fi Direct байланысының қауіпсіздігі Қолмен реттелетін болса,
принтерге қосылу және басып шығару үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.
Принтердің басқару тақтасындағы Wi-Fi Direct шамы жыпылықтап тұрса, Wi-Fi Direct
түймесін ( ) басыңыз. Шам жыпылықтауды тоқтатып, жанып тұрады.
Принтер PIN коды көрсетілген бетті басып шығарса, беттегі нұсқауларды орындаңыз.
КЕҢЕС: Принтерге арналған Wi-Fi Direct байланыс қауіпсіздігінің параметрін енгізілген веб-
серверден (EWS) өзгертуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
(85-бет) бөлімін қараңыз.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолданбайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
1. Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
2. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
3. Мобильді құрылғыдағы сымсыз (Wi-Fi) байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
4. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP Smart Tank
Wireless сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі **
принтерді анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
5. Сұралған кезде принтердің Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
6. Құжатты басып шығарыңыз.
78 7-тарау Принтерді жалғау KKWW
Page view 84
1 2 ... 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments