HP Smart Tank Wireless 457 User Manual Page 89

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 88
Сымсыз қосылым параметрлері
Принтердің сымсыз байланысын орнатуға және басқаруға және әр түрлі желі басқару тапсырмаларын
орындауға болады. Оған желі параметрлері, сымсыз функцияны қосу немесе өшіру және сымсыз
байланыс параметрлерін өзгерту туралы басып шығару мәліметтері кіреді.
Принтердегі сымсыз байланыс мүмкіндігін қосу немесе өшіру
Принтердің сымсыз байланыс мүмкіндіктерін қосу немесе өшіру үшін, Сымсыз түймесін ( )
басыңыз.
Принтер сымсыз байланыс желісіне қосылса, Сымсыз шамы күңгірт көк түспен жанады және
принтер дисплейі Сымсыз белгішесі мен Сигнал жолақтары белгішесін көрсетеді.
Егер сымсыз байланыс өшірілсе, Сымсыз шамы өшеді.
Сымсыз байланыстың күйі туралы қосымша ақпарат алу үшін Басқару панелінің шамдары мен
дисплей белгішелерінің күйі (8-бет) бөлімін қараңыз.
Сызсыз байланысты тексеру есебі мен желінің конфигурация бетін басып шығару
Сымсыз түймесі ( ) мен Ақпарат түймесін ( ) бір уақытта басыңыз.
Сымсыз желіні тексеру есебінде сымсыз желі күйі және сымсыз байланыс сигналының күші үшін
диагностикалық нәтижелер, сондай-ақ анықталған желілер туралы ақпарат және басқа да
мәліметтер көрсетіледі.
Желі конфигурациясының бетінде желі күйі, хост атауы, желі атауы және басқа да мәліметтер
көрсетіледі.
Сымсыз желі параметрлерін өзгерту (Windows)
Бұл әдіс принтер бағдарламалық құралы орнатылған болса ғана қол жетімді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әдіс USB кабелін қажет етеді. USB кабелін бағдарламалық құрал сұрамайынша
қоспаңыз.
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (29-бет) бөлімін қараңыз.
2. принтер бағдарламалық құралы параметрінде Tools (Құралдар) түймесін басыңыз.
3. Device Setup & Software (Құрылғыны орнату және бағдарламалық құрал) түймесін басыңыз.
4. Сымсыз қосылым параметрлерін қайта теңшеу пәрменін таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Желі параметрлерін әдепкі параметрлерге қою
Принтердің басқару тақтасындағы Сымсыз түймесі ( ) мен Болдырмау түймесін ( ) бір
уақытта басып, үш секунд ұстап тұрыңыз.
82 7-тарау Принтерді жалғау KKWW
Page view 88
1 2 ... 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments