HP Smart Tank Wireless 457 User Manual Page 67

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 66
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Сканерлеу параметрлерін бір реттік қолданыс үшін өзгертуге немесе өзгерістерді түпкілікті сақтауға
болады. Бұл параметрлер қағаз өлшемі мен бағыты, сканерлеу ажыратымдылығ, контраст пен
көшірме сақталатын қалта орны сияқты опцияларды қамтиды.
1. Түпнұсқаны сканер әйнегінің бұрышындағы белгішеге жақын төмен қаратып жүктеңіз.
2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет
басыңыз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All apps (Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз, содан соң принтер атауы бар
белгішені таңдаңыз.
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралында Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу және
Сканерлеу түймелерін басыңыз.
4. HP Scan диалогтық терезесінің оң жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша сілтемесін басыңыз.
Толық параметрлер тақтасы оң жақ бөлікте пайда болады. Сол жақ баған әр бөлімнің ағымдағы
параметрлерін жинайды. Оң жақ баған бөлектелген бөлімдегі параметрлерді өзгертуге мүмкіндік
береді.
5. Бөлімдегі параметрлерді қарап шығу үшін, толық параметрлер тақтасының сол жағындағы
бөлімді басыңыз.
Ашылмалы мәзірлерді пайдалана отырып, көптеген параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге
болады.
Кейбір параметрлер жаңа тақтаны көрсету арқылы ыңғайлылықты ұсынады. Олар параметрдің
оң жағында + (қосу белгісімен) көрсетіледі. Қабылдау үшін OK түймесін басу немесе осы тақтаға
енгізілген барлық өзгертулерден бас тарту және егжей-тегжейлі параметрлер тақтасына оралу
үшін Болдырмау түймесін басу керек.
6. Параметрлерді өзгертіп болған кезде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.
Сканерлеу түймесін басыңыз. Сканерлеу аяқталғаннан кейін таңбаша өзгерістерін сақтау
немесе қабылдамау сұралады.
Таңбашаның оң жағындағы сақтау белгішесін, кейін Сканерлеу түймесін басыңыз.
60 5-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW
Page view 66
1 2 ... 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments