HP Smart Tank Wireless 457 User Manual Page 82

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 81
PIN әдісін пайдалану
1. Желі конфигурациясы бетін басып шығару үшін Сымсыз түймесі ( ) мен Ақпарат түймесін
( ) бір уақытта басыңыз, сонан соң WPS PIN кодын орналастырыңыз.
Беттің жоғарғы жағында WPS PIN коды басып шығарылады.
2. Принтер басқару тақтасындағы Сымсыз түймесін ( ) үш секундтан ұзақ уақыт бойы басып
тұрыңыз. Сымсыз байланыс шамы жыпылықтап бастайды.
3. Сымсыз қосылым маршрутизаторы немесе сымсыз қатынас нүктесіне арналған конфигурациялық
қызмет бағдарламасын немесе бағдарламалық жасақтаманы ашыңыз және WPS PIN кодын
енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Реттеу бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты алу үшін
маршрутизатормен немесе сымсыз қатынас нүктесімен бірге берілген құжатты қараңыз.
Екі минуттай күте тұрыңыз. Принтер сәтті қосылса, Сымсыз шамы жыпылықтауды тоқтатып, тек
жанып тұрады.
Принтерді HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сымсыз желіге қосу
Принтерді біріктірілген WLAN 802.11 сымсыз желісіне қосу үшін келесілерді тексеріңіз:
Сымсыз маршрутизаторды немесе кіру нүктесін қамтитын сымсыз 802.11b/g/n желісі болу керек.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер 2,4 Гц пайдаланатын байланыстарды ғана қолдайды.
Принтерді қосу үшін пайдаланғыңыз келетін сымсыз желіге қосылып қойылған компьютер.
Желі атауы (SSID).
WEP түймесі немесе WPA құпиясөз орамы (қажет болса).
HP принтер бағдарламалық құралы арқылы принтерді жалғау (Windows)
1. HP принтер бағдарламалық құралы орнатылғандығына байланысты келесі әрекеттердің бірін
орындаңыз:
Компьютерде HP принтер бағдарламалық құралы орнатылмаған болса
а. принтер бағдарламалық құралы бағдарламасын жүктеп алу және орнату үшін, 123.hp.com
веб-сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бағдарламалық құралды орнату кезінде принтер мен компьютер арасында
уақытша байланыс орнату үшін USB кабелі қажет болуы мүмкін. Принтердің бағдарламалық
құралы USB кабелін ажыратуды сұрамағанға дейін оны ажыратпаңыз.
ә. Орындау сұралған кезде Сымсыз параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW Принтерді маршрутизатор арқылы сымсыз байланыс желісіне қосу 75
Page view 81
1 2 ... 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments