HP Smart Tank Wireless 457 User Manual Page 101

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 100
Кіріс науасындағы қағаздың бұратылып қалмағанын тексеріңіз. Қағаздың шиыршықталған
жағын қарсы бағытта майыстырып, оны түзетіңіз.
Қағаз роликтерін тазалау.
Беттер жылжып кеткен
Қағаз кіріс науасының оң жақ шетіне салынғандығын және қағаз енінің бағыттауышы
қағаздың сол жақ шетіне сай келетіндігін тексеріңіз.
Қағазды принтерде басып шығару процесі жүріп жатпағанда салыңыз.
Бірнеше бет алынып жатыр
Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін кіріс науасындағы қағаз енінің
бағыттауыштарын реттеңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енінің бағыттауыштары
майыстырмайтынын тексеріңіз.
Кіріс науасына өте көп қағаз салынбағандығын тексеріңіз.
Салынған қағаздың бөліктері бір-бірімен байланыспайтындығын тексеріңіз.
Жақсы әрі тиімді жұмыс істеу үшін HP қағазын пайдаланыңыз.
Қағаз роликтерін тазалау.
Атоматтандырылған құралды пайдалана отырып, қағаз роликтерін тазалау
1. Принтерді қосу үшін Қуат түймесін ( ) басыңыз.
2. Кіріс науадан қағазды алып тастаңыз.
3. Қуат түймесін ( ) басып тұрып, Болдырмау түймесін ( ) үш рет басыңыз, Түсті көшірме
түймесін ( ) жеті рет басыңыз да, Қуат түймесін жіберіңіз ( ).
Принтер бір минуттай шулы дыбыс шығарады. Жалғастырмас бұрын принтер шуы біткенше күте
тұрыңыз.
4. Басып шығарып көріңіз. Егер мәселе жойылмаса, қағаз ролигін қолмен тазалаңыз.
Қағаз ролигін қолмен тазалау
1. Келесі заттарды алыңыз:
Мамықcыз ұзын мақта тампоны
Қайнатылған, сүзгіден өткен немесе бөтелкедегі су (кран суының принтерді зақымдауы
мүмкін)
2. Принтерді өшіру үшін Қуат түймесін ( ) басыңыз.
3. Ток сымын принтердің артынан ажыратыңыз.
4. USB кабелі ажыратылмаған болса, оны ажыратыңыз.
5. Кіріс науасын көтеріңіз.
94 8-тарау Мәселені шешу KKWW
Page view 100
1 2 ... 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments