HP Smart Tank Wireless 457 User Manual Page 51

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 50
Дұрыс басып шығару туралы кеңестер
Басып шығару механизмі және сия ұштары
Қағаз салу кезіндегі кеңестер
Принтер параметрлері туралы кеңестер
Сәтті басып шығару үшін HP басып шығару механизмдері тиісінше жұмыс істеуі керек, сия
сауыттарында сия жеткілікті болуға тиіс, ал қағаз дұрыс жүктелуі керек және принтер параметрлері
сәйкес реттелуі қажет.
Басып шығару параметрлері көшіруге немесе сканерлеуге қолданылмайды.
Басып шығару механизмі және сия ұштары
Түпнұсқа HP басып шығару механизмдерін пайдаланыңыз.
Қара және үш түсті басып шығару механизмін дұрыс орнатыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару механизмі ақауларын түзету (96-бет) бөлімін
қараңыз.
Сияның жеткілікті екеніне көз жеткізу үшін сия сауыттарындағы сия деңгейлерін тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сия деңгейлері (65-бет) бөлімін қараңыз.
Басып шығару сапасы ұнамаған жағдайда, қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару ақаулары
(100-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түпнұсқа HP басып шығару механизмдері және сиясы жақсы нәтижелерді әрдайым оңай
беру үшін жасалып, HP принтерлерімен және қағаздарымен тексеріледі.
HP компаниясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді екендігіне кепілдік бере
алмайды. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану нәтижесінен болған принтер қызмет
көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Қағаз салу кезіндегі кеңестер
(Бір қағазды емес), қағаз дестесін салыңыз. Қағаз кептелісін болдырмау үшін дестедегі барлық
қағаздың өлшемі мен түрі бірдей болуы керек.
Қағаздың басып шығарылатын жағын жоғары қаратып салыңыз.
Кіріс науасына салынған қағаздардың тегіс орналасқанына және ұштары бүгілмегеніне немесе
жыртылмағанына көз жеткізіңіз.
Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін кіріс науасындағы қағаз енінің бағыттауыштарын
реттеңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енінің бағыттауыштары майыстырмайтынын
тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (19-бет) бөлімін қараңыз.
44 3-тарау Басып шығару KKWW
Page view 50
1 2 ... 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments