HP Smart Tank Wireless 457 User Manual Page 57

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 56
HP ePrint құрылғысымен басып шығару
HP ePrint кез келген уақытта кез келген жерден HP ePrint қосылған принтеріне басып шығару
мүмкіндігін береді.
HP ePrint мүмкіндігін пайдаланбас бұрын принтер Интернет байланысымен қамтамасыз ететін белсенді
желіге қосылғандығын тексеріңіз.
Құжатты HP ePrint арқылы басып шығару
1. Веб-қызметтері орнатылғандығын тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату (49-бет) бөлімін қараңыз.
2.
Ақпараттық бетті басып шығару үшін, HP ePrint түймесі ( ) мен Ақпарат түймесін ( ) бір
уақытта басып, беттен принтерге арналған электрондық пошта мекенжайын табыңыз.
3. Құжатты принтерге электрондық поштамен жіберіңіз.
а. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын
қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін бағдарламамен берілген құжатты қараңыз.
ә. Жаңа электрондық поштаны жасаңыз және құжатты басып шығару үшін тіркеңіз.
б. Электрондық пошта хабарын принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.
Принтер тіркелген құжатты басып шығарады.
ЕСКЕРТПЕ: «Кімге» өрісіне HP ePrint электрондық пошта мекенжайын ғана енгізіңіз. Басқа
өрістерге кез келген қосымша электрондық пошта мекенжайларын енгізбеңіз. HP ePrint сервері
«Кімге» өрісіне бірнеше электрондық пошта мекенжайы немесе «Көшірме» өрісіне қандай да бір
мекенжай енгізілсе, электрондық поштаны басып шығару тапсырмаларын қабылдамайды.
ЕСКЕРТПЕ: Электрондық пошта хабары алынған кезде басылып шығарылады. Кез келген
электрондық пошта сияқты оның қашан алынатынына және алынбайтынына кепілдік
берілмейді. Принтер күйін HP Connected (www.hpconnected.com) сайтынан тексеруге болады. Бұл
сайт барлық елдерде/аймақтарда қолданылмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжаттар мен HP ePrint бірге басып шығарғанда түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін.
Түпнұсқалық құжаттан мәнері, пішімі және мәтін ағымы өзгеше болуы мүмкін. Жоғарғы сапамен
басып шығарылуы тиіс (ресми құжаттар сияқты) құжаттарды, басып шығару құжаты қалай
көрінетінін басқару үшін компьютердегі бағдарламадан басып шығаруға кеңес береді.
HP ePrint құрылғысын өшіру үшін
Принтердің басқару тақтасындағы HP ePrint түймесін ( ) басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық веб-қызметтерді жою үшін Веб-қызметтерді жою (52-бет) бөлімін қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
50 4-тарау Веб-қызметтерді қолдану KKWW
Page view 56
1 2 ... 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments