HP OMEN Laptop PC - 15-ax002tx User Manual Page 56

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 85
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 55
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын
пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының
(мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты
басқарады
. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің
жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерлердегі Setup Utility құралын бастау үшін компьютерді ноутбук
режиміне ауыстырып, оған тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз.
Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін.
Компьютерді қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін жылдам басып, f10 пернесін
басыңыз.
Setup Utility (BIOS) жаңарту
Setup Utility (BIOS) жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында қол жетімді болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Setup Utility (BIOS) жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын
анықтаңыз.
BIOS нұсқасы (ROM деректері және Жүйе BIOS атауларымен белгілі) туралы ақпаратты көрсету үшін,
мына опциялардың біреуін пайдаланыңыз.
HP Support Assistant
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ноутбук (Ноутбугім), содан кейін Спецификации (Сипаттамалар) тармағын таңдаңыз.
Setup Utility (BIOS)
44 9-тарау Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
Page view 55
1 2 ... 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 ... 84 85

Comments to this Manuals

No comments