HP OMEN Laptop PC - 15-ax002tx User Manual Page 65

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 85
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 64
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және компьютерді
оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады.
Жүйені қалпына келтіру үшін
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) опциясын, одан кейін Обновление и
безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) опциясын таңдаңыз.
2. Қалпына келтіру опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы өнімдерде)
Компьютер сәтті орнатылған соң, HP Recovery Manager көмегімен компьютерде НР қалпына келтіру
бөлімінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Бұл сақтық көшірме HP қалпына келтіру медиасы деп аталады.
Қатты диск бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда, HP Қалпына келтіру медиасын бастапқы
операциялық жүйені қайта орнату үшін қолдануға болады.
Windows бөлімін қоса, қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеру үшін, Пускастау) түймесін
тінтуірдің оң жағымен басып, жетектеуші бағдарламасын таңдаңыз және Этот ПК (Осы компьютер)
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows бөлімін қоса, қалпына келтіру бөлімі тізімде көрсетілмесе, қалпына келтіру
дискілерін алу үшін қолдау қызметімен хабарласыңыз. http://www.hp.com/support мекенжайын ашып,
ел немесе аймақты таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Таңдаулы өнімдерде HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін
HP Cloud Recovery Download Tool құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Cloud Recovery
Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін пайдалану (54-бет) бөлімінен қараңыз.
HP Recovery Manager бағдарламасын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін
пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз қалпына келтіру медиасын жасай алмасаңыз, қалпына келтіру дискілерін алу үшін
қолдау қызметімен хабарласыңыз. http://www.hp.com/support мекенжайын ашып, ел немесе аймақты
таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастамас бұрын
Бастамас бұрын, келесі ақпаратты ескеріңіз:
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажетті сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру медиасын жасау үшін, келесі опциялардың біреуін таңдаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютерде қалпына келтіру бөлімі болмаса, HP Recovery Manager Windows
жүйесінің қалпына келтіру дискісін жасау мүмкіндігін көрсетеді. Қалпына келтіру кескінін бос USB
флэш-жад дискісінде немесе қатты дискіде жасау жөніндегі экрандық нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар оптикалық дискенгізгі бар болса, тек
жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) 53
Page view 64
1 2 ... 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 ... 84 85

Comments to this Manuals

No comments