HP OMEN Laptop PC - 15-ax002tx User Manual Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 85
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
Бөлік Сипаттама
Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату
үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде
қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып,
біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып,
шетелге саяхатқа шыққанда, қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде
басылған күйінде болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің
астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
Қызмет көрсету жапсырмасы:компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау
қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады.
Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) HP өнімінің атауы
(2) Модель нөмірі
(3) Өнім коды
(4) Сериялық нөмір
(5) Кепілдік күшінің мерзімі
14 2-тарау Компьютермен танысу
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 ... 84 85

Comments to this Manuals

No comments