HP OMEN Notebook - 15-5220nr (ENERGY STAR) User Manual Page 64

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 81
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 63
11 Setup Utility (BIOS) утилитасын
пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының
(мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты
басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің
жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерлердегі Setup Utility құралын бастау үшін компьютерді ноутбук
режиміне ауыстырып, оған тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз. Планшет режимінде көрсетілетін
экрандағы пернетақта көмегімен Setup Utility
құралын ашу мүмкін емес.
Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерлердегі Setup Utility құралын бастау үшін компьютерді ноутбук
режиміне ауыстырып, оған тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз. Планшет режимінде көрсетілетін
экрандағы пернетақта көмегімен Setup Utility құралын ашу мүмкін емес.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Компьютерді қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін жылдам басып, f10
пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз.
немесе
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін
тез басып ұстап
тұрыңыз.
2. f10 түймесін түртіңіз.
Setup Utility (BIOS) жаңарту
Setup Utility (BIOS) жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында қол жетімді болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Setup Utility (BIOS) жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын
анықтаңыз.
54 11-тарау Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану KKWW
Page view 63
1 2 ... 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 ... 80 81

Comments to this Manuals

No comments