HP OMEN Notebook - 15-5220nr (ENERGY STAR) User Manual Page 40

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 81
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 39
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Үндеткіштер
белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Ойнату құрылғылары параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Әдепкі күйді орнату пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Сандық дисплей құрылғыларын екі режимді DisplayPort кабелі арқылы қосу
(тек таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Сандық дисплей құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын екі режимді
DisplayPort (DP-DP) кабелі қажет болады.
Екі режимді DisplayPort арқылы жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді қосымша сандық
дисплей құрылғылары қосылады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда екі режимді
DisplayPort өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
1. Екі режимді DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі екі режимді DisplayPort портына
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы бірдей кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен
көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу
терезесіне басқару панелі сөз тіркесін теріп, Басқару панелі бөлімін таңдаңыз, Көрінісі және
жекелеу опциясын
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
30 5-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану KKWW
Page view 39
1 2 ... 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 ... 80 81

Comments to this Manuals

No comments